Қазақстандағы бағаналық
жасушалармен емдеу орталығы


Өзіңіздің денеңіздің емдік әлеуетін пайдалану


ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯ

Жасушалық терапия
қандай салаларда тиімді?

1/6

Орталық туралы

Мәскеу жасушалық технологиялар орталығы 2018 жылы Қазақстан тұрғындары үшін инновациялық медицинаның есігін ашты. Біздің орталық көптеген ауруларды емдеуде, ағзаның ревитализациясында МБЖ (мезенхималық бағаналы жасушалар), СВФ (стромальды-тамырлы фракциясы), ТБП (тромбоциттермен байытылған плазма) және ФБ (фибробласттар) сияқты жасушалық өнімдерді қолданады. Біздің орталықта жасушалық өнімдерді бөлу және өсіру процесі үшін - жоғары технологиялық жабдықтар, жоғары сапалы шығын материалдары және кәсіби шебер кадрлар бар.

Негізгі кіреберіс
Қабылдау
Лицензиялар
Күту бөлмесі
Зертхана
Бағаналы жасушаларды өсіру

Сертификатталған бөлме

Орталықтың құрылысы барысында ISO және GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келетін барлық жаңа өндіріс технологиялары қолданылды. Жеке желдету, ауаны тазарту және сүзу жүйесі және соның нәтижесінде жасалған микроклимат бізге жасушалық өнімді қауіпсіз әрі сапалы өндіруге мүмкіндік береді.

Үздік жабдықтар

Біздің орталық жасуша дақылдарын бөлу және өсіру үшін қажетті қазіргі заманғы заманауи жоғары сапалы импорттық жабдықтармен жабдықталған. Олар: ламинарлы шкаф, центрифуга, микроскоп, суды деионизациялау жүйесі, автоклав, криотоңазытқыштар және сұйық азотта жасушаларды сақтауға арналған Дьюар ыдыс. Жұмыста бүкіл әлемде өзін жақсы жағынан танытқан танымал еуропалық брендтердің реагенттері ғана қолданылады. Жасуша дақылдарымен жұмыс істеуге арналған пластик және де басқа шығын материалдарын Швейцария елінен сатып алынады.

Ұымдастырылған жұмыс

Орталықта жасушалармен: биологиялық материалдан мезенхималық бағаналық жасушаларын, СВФ (стромальды-тамырлы фракция), ТБП (тромбоциттермен байытылған плазма) бөлу; МБЖ (мезенхималық бағаналық жасушаларын) және фибробласттарды өсіру, тазарту, ұзақ уақыт сақтау үшін мұздату және енгізуге дайындау жұмыстарының барлық негізгі процестері жүреді.

Жасушалық өнімдер

Жасушалық терапия бүгінде бірқатар ауруларды емдеудің ең тиімді әдісі, сонымен қатар бүкіл денені жасартудың тамаша құралы болып табылады. Біздің орталық Қазақстандағы жасушалық терапияны сәтті қолданыла бастаған алғашқылардың бірі болып табылады.

МЕЗЕНХИМАЛЫҚ
БАҒАНАЛЫҚ ЖАСУШАЛАР

Бағаналық жасушалардың негізгі қасиеттері - олардың өзін-өзі көбейту қабілеті және ағзаның кез-келген басқа жасушасына айналу қабілеті, ескі толық дамымаған жасушаларды жаңа функционалды жасушалармен алмастыруды қамтамасыз ету болып табылады.


көбірек білу

СТРОМАЛЬДЫ-ВАСКУЛЯРЛЫ
ФРАКЦИЯ

Пациенттің жеке май тінінен екі сағат ішінде алынған минималды басқарылатын жоғары тиімді жасушалық өнім. Фракцияның құрамындағы бай коктейль регенеративті потенциалға, иммунорегуляторлық белсенділікке және айқын қабынуға қарсы әсерге ие.

көбірек білу

ФИБРОБЛАСТТАР

Фибробласттар – коллаген, проэластин, фибронектин және гликозаминогликандар өндіреді - бұл заттардың барлығы жасушадан тыс матрицаны, яғни дәнекер тінінің қаңқасын құрайды. Косметологияда фибробласттарды дербестендірілген жасушалық өнім ретінде қолдану - бұл терінің сергектігін қалпына келтірудің заманауи, жоғары тиімді және қауіпсіз әдісі.


көбірек білу

ТРОМБОЦИТТЕРМЕН
БАЙЫТЫЛҒАН ПЛАЗМА

ТБП - бұл іс жүзінде ауыртпалықсыз, тиімділігі жоғары және сонымен бірге теріні жақсарту мен қалпына келтірудің табиғи косметикалық әдісі. Нағыз теріге ТБП енгізу терінің табиғи қалпына келуінің биологиялық механизмін белсендіреді.

көбірек білу

Емдеу процесі

Консультация

Орталықтың бас дәрігерімен және мамандарымен кеңесу, науқастың үзінділерімен және тексерулерімен танысу;

Дайындау

Жасушалық терапияға дайындық: қаланың кез-келген ыңғайлы КДЛ-де қажетті қосымша тексерулер мен талдаулардан өту.

Процедура

Белгіленген күні пациент процедураға келеді. Шартқа қол қойылады, медициналық карта толтырылады.

Нәтижесі

Жасушалық терапиядан 2 ай өткен соң ағзанын жағдай жақсаруына қатысты объективті баға бақылау өткізіледі.

ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯ

Персонал

Кожамбердиев Тимур Омарбекович Бас дәрігер
Жанузаков Мухтар Габитович Травмотолог-ортопед дәрігері
Зарубекова Назима Зарубековна Дәрігер-педиатр
Мусаева Маржан Нуртлеуовна Дәрігер-невропотолог
Баиров Булатбек Каленович Дәрігер-пластикалық хирург
Акчина Евгения Нажатовна Аға медбике
Жоламанова Сауле Жаныбеккызы Зертханашы
Ступникова Татьяна Владимировна Зертхана басшысы
Кулманбетова Лира Сагымбаевна Дерматокосметолог

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл бөлімде Сіз жасушалық терапия бойынша жиі
қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз

Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба, бізге жіберіңіз.
Сұрақ қою

Жасушалық терапия аутоиммунды реакция немесе тіндердің некрозынан туындаған ағзадағы кез-келген дегенеративті өзгерістер үшін тиімді.

Дені сау ағза өзінің қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық қауіптерді тиімді жеңе алады. МБЖ оған қосымша қолдау көрсетеді, сондықтан ол тіпті сау адамдарға да ұсынылады. Ауру диагнозы қойылған жағдайда, ең қажеттісі - МБЖ. Ал, СВФ бірнәрсе болған кезде қажет болады. Буындар мен байламдардағы, соның ішінде спортпен айналысудан болған аурулары бар пациенттерге, терінің жасына байланысты өзгерістері бар, шаш түсу (алопеция) проблемасы бар адамдарға ұсынылады.

Жасушалық терапияны қолдану үшін жас шектеулері жоқ, тек медициналық қарсы көрсетілімдер бар. Оларды біздің талаптарымыздың тізіміне кіретін талдаулардың нәтижелері бойынша анықтауға болады.

Қажетті тексерулер мен талдауларды көптеген медициналық орталықтарда тапсырып, дайын нәтижелермен бізге консультацияға/емделуге келуге болады. Біздің орталық тек жасушалық өнімдермен емдеумен айналысады. Орталықтың зертханасы жасушалық өнімдерді алу және тазалау үшін қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Біз Қазақстанның медициналық қызметтер нарығында осындай өнімдерді ұсынатын бірегей клиника болып табыламыз. Бізге жабдықты сатып алу және стандартты зертханалық зерттеулер жүргізу орынсыз.

Емдеудің тиімділігінде ешқандай айырмашылық жоқ. Мезенхималық бағаналық жасушалар иммунотолерантты, яғни иммундық жүйенің реакциясын тудырмайды. Сондықтан, ағзаға өзінің немесе басқа адамдардың МБЖ-ның енетіні маңызды емес, бастысы - белгілі бір тіндерді қалпына келтіруге бағытталған механизмдердің каскадының басталуы.

Әрбір процедураның бағаларымен Сіз өзіңізді қызықтыратын бөлімде жеке таныса аласыз.

Емдеу құны жасуша өнімдерін өндірудің жоғары құнынан тұрады. Біздің жабдықтар Жапониядан, Германиядан және Ұлыбританиядан әкелінді. Алматыдағы зертхана ISO ережелері бойынша салынған, бұл өзінің микроклиматы мен стерильді ауасы бар аса таза үй-жай. Бір рет қолданылатын стерильді шығын материалдары, американдық реактивтер, тек жасуша регенеративті медицинадағы ең жақсысы - мұның бәрі, өкінішке орай, арзан тұрмайды.

Соңғы жаңалықтар

1 год назад

5 мифов о лечении стволовыми клетками

көбірек білу

1 год назад

Казахстанцы рассказали о лечении стволовыми клетками

көбірек білу

1 год назад

Казахстанцам предложили скидки на лечение стволовыми клетками

көбірек білу

1 год назад

Медики бьют тревогу: растет число детей, страдающих от серьезных заболевани...

көбірек білу

Барлық жаңалықтар

Байланыс контактілері

МЕКЕНЖАЙ:

Қазақстан, A03C1F3, Алматы қ.,
Нұркент 5/25

ТЕЛЕФОН:

+7 (727) 327-99-23
+7 (775) 240-99-22
+7 (701) 175-62-23

ПОШТА:

info@cellcenter.kz

22.05.2018 жылғы Медициналық қызметке
#18010205 мемлекеттік лицензия

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?

Оларды менеджерге қойыңыз
SMM продвижение агентство 4like.kz

Қонырауға тапсырыс беру

Өтінімді толтырыңыз, біз Сізге уақытты
нақтылау үшін 10 минут ішінде хабарласамыз.

МБЖ

Біздің тіндеріміз бен мүшелерімізді жаңарта отырып, әр бағаналы жасуша резервте қалатын бағаналы жасушаға және зардап шеккен биологиялық тіннің сау жасушасын құрайтынға бөлінеді. Бағаналық жасушалардың негізгі қасиеттері - олардың өздігінен көбею қабілеті және денеміздегі кез-келген басқа жасушаға айналу мүмкіндігі.

Зақымдалған мүшеге қан ағымымен еніп, бағаналы жасушалары үш бағытта әрекет ете бастайды:
- ағзаның өзіндік қорғанысын – оның иммундық жүйесін белсендіреді;
- пациенттің өз бағаналық жасушаларының жұмысын ынталандыратын биологиялық белсенді заттар тобын бөледі;
- жасушылар бөліне бастайды, нәтижесінде ескі толық дамымаған жасушаларды жаңа функционалды жасушалармен алмастыруды қамтамасыз етеді.
Мезенхималық бағаналық жасушалар (МБЖ), бір жағынан, кез-келген басқа жасушаларға айнала алады, ал екінші жағынан, ешқандай жағдайда қалыптан тыс, патологиялық (мысалы, ісік) тіндердің өсуіне жол бермейді. Басқаша айтқанда, МБЖ-ның тез көбею және өсу қабілеті шексіз емес. МСК-ны - ақылды бағаналық жасушалар деп атауға болады: олар қандай жасушаға айнала алатындығын және қандай жасушаға айналуға болмайтынын біледі. Соңғы уақытқа дейін бағаналық жасушалар тек олар бөлінген ағзаны немесе тіндерді қалпына келтіреді деп есептелініп келген, алайда қазіргі заманғы зерттеулер адамның кез-келген тінінен немесе мүшесінен бөлінген МБЖ-ны кез-келген қалыпты толыққанды сау жасушаларына айнала алатындығын дәлелдейді.

СВФ

Стромальды-васкулярлы (тамырлы) фракция (СВФ) бастаушы жасушаларға, сонымен қатар МБЖ-ға бай көзі болып табылады. СВФ - қуатты регенеративті потенциалы, иммунорегуляторлық белсенділігі және айқын қабынуға қарсы әсері бар фракция болып келеді.

Эндотелий прогениторлық жасушалардың болуына және олардың өсу факторларының пайда болуына байланысты (тамырлы эндотелийдің өсу факторы, инсулинге ұқсас өсу факторы -1) СВФ жаңа қан тамырларының пайда болуына ықпал етеді, зақымдалған тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, осылайша регенерация процесін жақсартады.

СВФ-тің айқын иммуномодуляциялық әсері макрофагтар мен моноциттердің болуымен байланысты. Жасушадан тыс матрицаның компоненттерін бөлетін стромальды жасушалардың болуы регенеративті жасушалар үшін қолайлы орта құруға ықпал етеді, жағдайды оңтайландырады және зақымдалған тіндердің қалпына келу процесін тездетеді.

Фибробласттар

Фибробласттар – мезенхималық, дәнекер тіннің негізгі компоненті болып табылады.

Фибробласттардың өсуінің негізгі факторы жарадағы қалпына келтіру процесін белсендіреді, жасушадан тыс матрицаның компоненттерін фибробласттармен – фибронектинмен және коллагенмен өндіруді ынталандырады. Басқаша айтқанда, фибробласттарды жараға немесе тері астына енгізгенде, сауығу, ангиогенез және тіндердің қалыпты гомеостазын қалпына келтіру процесі жеделдейді.

Фибробласттарды қолдану барысы келесідей: пациенттің терісінен кішкентай бөлік (2х2 мм) қолтық/шаптың аймағында немесе құлақ қалқанының (УК-сәулеленудің әсері жоқ жерде) артынан алынады. Содан кейін, шамамен бір ай ішінде таза бөлмеде стерильді жағдайда фибробласттар процедура үшін де, -1960С мұздату (кейінгі процедуралар үшін биологиялық сақтандыру ретінде) үшін өсіріледі.

ТБП

ТБП-ның нәтижесінде тіндердің қалпына келуі мен регенерация процесінде қатысуы кеңінен қолданатыны зерттеулер және клиникалық тәжірибеде жоғары тиімділігін растады. Тромбоциттердің альфа түйіршіктерінде өсу факторларының көп мөлшері бар екендігі дәлелденді, олар тромбоциттер белсендірілген сайын белгілі бір пропорциямен және реттілікпен шығарылады. Нәтижесінде косметологияда, урологияда және ортопедияда тиімді минималды басқарылатын, дербестендірілген жасушалық өнім пайда болады. Сондай-ақ, ТБП трансплантаттарды ұластырып өсіре түсу, жаралар мен күйіктерді емдеуді жеделдету, тыртықтарды емдеу және алопециямен күресу үшін кеңінен қолданылады.

ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯ

Өтінімді толтырыңыз, біз Сізге уақытты
нақтылау үшін 10 минут ішінде хабарласамыз.

Тегін кеңес алуға жазылыңыз

Контактілерді қалдырыңыз, біз сізбен міндетті түрде байланысамыз

Өтініш беру арқылы сіз біздің құпиялылық саясатымен келісесіз